Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жапсырма

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Алдыңғы беті көлемді етіп орындалған, жалпақтау. Бір-біріне қарама-қарсы бағытталған, ұзын мойынды екі құстың басынан тұрады. Бастары шағын, домалақ пішінді. Тұмсықтары кішкентай, үшбұрышты, көздері дөңгелек. Бастардың астында көлденең орналасқан екі қысқа сызықша бар. Оң жақтағы құстың тұмсығы қысқалау етіп жасалған. Мойындары екі доға түзеді, ал олардың жоғарғы түйіскен жерінде сопақша (?) пішінді пластина орналасқан, оның ортасында диаметрі 0,4 см. болатын дөңгелек ойма өрнек бар. Жануарлардың мойындарының шамамен орта тұсынан төмен қарай қиғаш орналасқан екі көлденең жалғастырғыш түсірілген.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Қола
Техника: Құю
Өлшемі: Ұзындығы - 4,1 × 5,4 мм, қалыңдығы - 1,5 мм.
Санат: Археология
Scroll to Top