Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бір тік орналасқан ілмек тәрізді тұтқасы бар. Тұтқаның сыртқы бетінде жартылай шар тәрізді жапсырма өрнек орналасқан. Корпусы шар тәрізді, орта тұсы біртіндеп кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылған. Иық бөлігінде екі сызықтың арасына «өрім» тәрізді өрнек түсірілген. Корпусына өсімдік тектес өрнек - алты күлтелі гүл және ілмек тәрізді иірімдер түсірілген.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 48 см, ернеуінің диаметрі - 12,5 см, мойнының диаметрі - 10,5 см, тұлғасының диаметрі - 34 см, түбінің диаметрі - 14 см.
Санат:
Археология