Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Өрнектелмеген. Бір тік орналасқан, сопақша көлденең қималы ілмек тәрізді тұтқасы бар. Мойны биік, жоғары қарай біртіндеп тарылған. Корпусы созылыңқы, жоғарғы бөлігінде аздап кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылған. Ернеуінің кесіндісі жалпақ. Тұтқаның түбінде саусақпен жасалған болуы мүмкін үлкен ойық бар. Ернеуінің сыртқы жағында ұшы сүйірленген екі жапсырма элемент орналасқан. Осыған ұқсас, бірақ көлемі үлкенірек үш жапсырма элемент корпусының иығында орналасқан. Бетінің түсі біркелкі емес: қоңыр түсті, кей жерлерінде қою сұр түсті аймақтар бар.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 17 см, ернеуінің диаметрі - 9 см, мойнының диаметрі - 10 см, тұлғасының диаметрі - 12,7 см, түбінің диаметрі - 10 см.
Санат:
Археология