Көзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Алмұрт тәрізді пішіндегі құмыра. Мойнының түбінде ілмек тәрізді тұтқасы орналасқан. Мойны аласа, жоғары қарай сәл тарылған. Корпусының жоғарғы бөлігі кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылған. Ернеуінің кесіндісі жалпақ, ірі жапсырма арқылы орындалған. Мойнының түбіне көлденең терең сызық түсірілген.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 19 см, ернеуінің диаметрі - 16,5 см, мойнының диаметрі - 15 см, тұлғасының диаметрі - 18 см, түбінің диаметрі - 10,5 см.
Санат:
Археология