Суқұйғыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Корпусы шар тәрізді, түбі тегіс, жоғары қарай созылған тұмсық тәрізді құю шүмегі бар. Ыдыстың екі бүйірінде ірі доға тәрізді элементтерден тұратын композициялар орналасқан. Артқы бөлігінде үлкен дөңес шығыңқы бөлігі бар. Барлық элементтер жапсырма тәсілімен орындалған. Құю шүмегінің қабырғалары түзу, аузы сәл кеңейген, сыртқы жағында доға тәрізді ойығы бар. Бетінің түсі біркелкі емес: қоңыр түсті, ыдыстың жоғарғы және төменгі бөліктерінде қою түсті аймақтар байқалады.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 16,5 см, тұлғасының диаметрі - 20 см, шүмегінің диаметрі - 5,4 см, түбінің диаметрі - 11,2 см.
Санат:
Археология