Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түргеш қағанатының тиыны. Жазулары мен бейнелері анық ажыратылмайды. Тиынның сақталу жағдайы қанағаттанарлықсыз. Алдыңғы бетінде (аверсінде) жазу өшкен және оқылмайды. Артқы бетінде (реверсінде) түргештердің таңбасының қалдықтары байқалады, алайда ол нашар сақталған. Тиынның беткі қабаты патинамен жабылған. Шеттері сынған, тозу және механикалық зақымдану іздері бар.
Мерзімделу кезеңі:
VIII ғ.
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 15 мм, тесігінің диаметрі - 7 мм.
Санат:
Нумизматика