Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түргеш қағанаты. Суяб немесе Тараз (болжам бойынша). Фельс (ортасында тесігі бар құйма монета).
Монетаның сақталу жағдайы нашар. Аверсінде соғды жазуының іздері байқалады, алайда қатты тозу мен коррозия салдарынан жазу толығымен дерлік жойылып, оқылмайды. Реверсінде түргештердің таңбасы орналасқан, бірақ оның тек әлсіз іздері сақталған. Монетаның беткі қабаты патинамен жабылған, коррозия іздері бар. Шеттері тегіс емес, механикалық зақымданулар байқалады. Қатты тозу салдарынан бейнелер мен жазулардың жекелеген элементтерін анықтау қиын.
Мерзімделу кезеңі:
VIII ғ.
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 26 мм, тесігінің диаметрі - 6 мм.
Санат:
Нумизматика