Медаль және куәлік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль дөңгелек пішінді, алтын түстес металдан жасалған. Негізгі бетінде Қазақстан Республикасының елордасы Астананың сәулеттік нысандары - «Бәйтерек» монументі, «Ақорда» резиденциясы және «Бейбітшілік және келісім сарайы» бейнеленген. Жиегінде ұлттық ою-өрнек пен «Астана 20 жыл» жазуы орналасқан. Медаль көгілдір түсті, ортасында сары және қызыл жолақтары бар таспаға бекітілген. Куәлікте марапат иесінің аты-жөні, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығы негізінде «Астана - 20 жыл» мерекелік медалімен наградталғаны туралы мәтін, мемлекеттік мөрі мен қолы көрсетілген.
Материал:
Қағаз, Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
21 х 15 см, 35 мм.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)