Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың портреті

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Фёдорова Елена Александровна. 1926-1967
Диванда отырған, жүзін көрерменге қарата бейнеленген жас қара шашты әйелдің мықымға дейінгі портреті. Ол ашық ақшыл күлгін түсті көйлек киіп, иығына жеңіл жамылғы жапқан. Еркін әрі байсалды сымбаты мен күлімсіреген жүзі кейіпкердің табиғи болмысын танытады. Артқы пландағы сұрғылт-жоса түсті қабырғаның сол жағынан сопақ айнаның бір бөлігі көрінеді. Портреттің колоритінде ақшыл күлгін, қызғылт, ақшыл сары және алтын түстес реңктер басым. Бояудың жұмсақ, еркін жағылуы және бет-әлпеті мен киімдегі түстердің нәзік құбылуы бейнеге жеңілдік пен табиғилық дарытады. Көркемдік шешім кейіпкердің жанды келбетін, көңіл күйінің байсалдылығын айқындай түседі.

Мерзімделу кезеңі: 1958 г.
Материал: Кенеп
Техника: Майлы бояу
Өлшемі: 96х75 см
Санат: Бейнелеу өнері
Scroll to Top