Белдік қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белдік қапсырма. Беті тот басқан, алтын қола қорытпасынан жасалған, жиегі өрнектелген, төртбұрышты қалқан түріндегі көлемді қапсырма. Алдыңғы жағында араб тілінде куфи жазуымен екі жолдан тұратын жазу бар. Жазу мәтінінде: «Дәреже Алладан» деп жазылған. Ішкі жағы кедір-бұдыр, екі түйреуіш ілмектері бар.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Қола
Техника:
Металл өңдеу
Өлшемі:
a - 3,8 см., b - 2,5 cм.
Санат:
Археология