Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саз балшықтан жасалған құмыра тәрізді құмыра. Кең әрі биік дөңгелек тәрізді мойыны түзу ернеумен аяқталады. Иық бөлігінен денесіне дейін бекітілген ілмек тәрізді бір жапсырма тұтқа сақталған. Дене шар тәрізді, орта тұсында кеңейіп, біртіндеп тегіс түбіне қарай жіңішкереді. Дөңес сыртқы қабырғасында, тұтқа бекітілген деңгейде, толқынды сызықтар жүргізілген және ыдыстың ортасында диаметрі 0,5 см. бір томпақ жапсырма сақталған. Қоңыр ангобпен қапталғанының іздері ішінара сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
Биіктігі - 16,0 см., түбінің диаметрі - 10,5 см., тұтқасының ені - 2,0 см., ернеуінің диаметрі - 14,0 см., тұлғасының диаметрі - 18,8 см., тұтқасының биіктігі - 4,2 см.
Санат:
Археология