Құмыра бөліктері
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саз балшықтан жасалған ыдыстың бөліктері. Ыдыстың қырлы дөңгелек тәрізді пішінді төменгі бөлігінің бөліктері сақталған, олар бөлек жасалған табақшада орналасқан. Алдыңғы бетіне қоңыр және жасыл түстермен мөлдір сырдың астына түсірілген сәндік эпиграфикалық және шеңбер тәрізді өрнектер салынған. Сондай-ақ мойын, иық және ернеу бөліктерінің жеке бөліктері де сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Сақталған бөлігінің биіктігі - 10,5 см., тұлғасының диаметрі - 15,5 см., түбінің диаметрі - 11 см.
Санат:
Археология