Тостаған
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саздан жасалған тостаған. Пішіні терең жартылай шар тәрізді, дискі тәрізді тұғырда орналасқан. Ішкі беті сары түсті глазурьмен қапталған. Сыртқы қабырғасының ернеуінен орта тұсына дейінгі бөлігі жасыл түсті глазурьмен қапталған. Қоңыр ангобтың үстіне сары түсті кезектесіп орналасқан сызықтардан тұратын өрнек глазурь астына түсірілген. Бұйым қыш шарығында жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
VІ-ХІІ ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 8,0 см., ернеуінің диаметрі - 17,8 см., түбінің диаметрі - 7,2 см.
Санат:
Археология