Табақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саздан жасалған табақ. Дөңгелек пішінде, шеңберлі түбіне орнатылған. Ақ ангоб үстіне жағылған ашық жасыл шыңылтырлы. Ернеуінің астындағы сыртқы беті сызба тәсілмен түсірілген өрнекпен (толқынды тәрізді иректер) безендірілген. Қол шарықта жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 6,5 см., ернеуінің диаметрі - 20,0 см., түбінің диаметрі - 7,3 см.
Санат:
Археология