Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сынапкөзе сұр саздан жасалған, қабырғасы қалың, көлемі шағын, аузы тар, мойыны аласа ыдыс. Ернеуі білік тәрізді, дөңес. Түбі үшкір түрінде жасалған. Денесі дөңгелек пішінді, төмен қарай шағын табанға күрт жіңішкереді. Жоғарғы бөлігі толқын тәрізді сызықтармен ойып салынған өрнекпен әшекейленген.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ
Материал:
Керамика
Техника:
Өңдеу
Өлшемі:
Биіктігі - 9,0 см, тұлғасының диаметрі - 8,5 см.
Санат:
Археология