Күбі піспегімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Күбі піспегімен. Сүт өнімдерін өңдеуге және сақтауға арналған дәстүрлі ағаштан жасалған ыдыс. Пішіні дөңгелек, іші қуыс, биік. Күбі он алты ағаш тақтайшадан құрастырылып, сыртынан төрт дөңгелек құрсаумен бекітілген.Піспегі-май шайқауға арналған ағаш құрал. Оның басына ұзындығы 15 см болатын екі жіңішке ағаш көлденең қойылып, төртқырлы етіп мықтап бекітілген.Біршама тозған, сыртқы пішіні мен көлемі уақыт өте өзгерген.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в.
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
d-20 см,l-55 см
Санат:
Ағаш