Арыз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жамбыл колхозының мүшесі, көп балалы ана Сейдахметовадан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Нұрмолда Алдабергеновке.
Арызда күйеуі Болысбай Сейдахметовтың «магазин тауарларын ұрлап, соған үй салған» деген айыппен қамауға алынғаны айтылған. Арызданушы үйдің адал ақшаға салынғанын, тінту кезінде ұрланған тауар табылмағанын және прокурор отбасының соңғы ақшасы мен үй мүлкін конфискацияламақ болғанын көрсеткен.
Осыған байланысты әділ тергеу жүргізіліп, кінәсіз екендігін дәлелдеуге және сотта әділ шешім қабылдануына ықпал етуді сұраған.
Мерзімделу кезеңі:
14. 11. 1957 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Қолжазба
Өлшемі:
20 х 29 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)