Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тар мойынды, шүмегі бар, шар тәрізді денелі құмыра. Тұтқасының бір ұшы ернеуге, екінші ұшы денесінің жоғарғы бөлігіне бекітілген. Тұтқасы тізе тәрізді, жоғарғы бөлігінде айқын көрінетін екі шығыңқысы бар. Ернеудің астында, мойын басталғанға дейін төрт жіңішке жүлге жүргізілген. Мойын мен дене түйіскен жерде шиыршық тәрізді сызықтар ойып түсірілген.
Ыдыс қабырғасы жұқа, беті қызғылт-қызыл түсті жылтырату тәсілімен өңделген. Жақсы иленген қызыл саздан, ұсақ қоспалар қосылып жасалған. Түбі тегіс.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
h - 25,5 см. d венчика - 5,6 см. d - 20 см. d дна - 9 см.
Санат:
Археология