Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тиын дөңгелек пішінді, ортасында төртбұрышты саңлауы бар. Тиынның жиегі тегіс емес, бойымен қалыңдығы 3 мм болатын шығыңқы жиек жүргізілген. Орталық тесіктің айналасында да қалыңдығы 1 мм жиек бар. Алдыңғы беті - сағат тіліне қарсы бағытта курсивпен жазылған шеңберлі соғды жазуы. Жазу төрт сөзден тұрады: «Вүу twrkys ү´ү´n pny» - «Түргеш қағанының әміршісі». Артқы беті - түргештердің тамғасы, ол монета алаңында қалың сызықты жиек пен төртбұрышты тесік арасында орналасқан. Төртбұрышты саңлауы ромб түрінде ерекшеленіп, тамғаның бір бөлігі ретінде берілген.
Мерзімделу кезеңі:
первая половина VIIIв.
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметр - 2,3 см., отверстие - 0,5х0,5 см
Санат:
Нумизматика