Қобыз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. Қобыздың негізгі бөліктері: шанақ, мойын, тиек, бетіне тартылатын тері, ішектер, құлақтар, ішек ұстауышы бар. Қобыз бітеу ағаштан ойып жасалған және мойны бөлек, шанағы бөлек жасалып құрастырылған. Шанақтың жоғарғы жағы жарты шар түрінде, төменгі жағы сүйірленіп ойылған. Екі шекті аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар. Ағаштан жасалған, қоңыр түсті. Ләззат Асанованың музейіне Ұлт аспаптар музейінен берілген тарту.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Ағаш
Техника:
Жону
Өлшемі:
ені-20 см,ұз-67,ені-13 см.
Санат:
Ағаш