Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі дөңгелек пішінді, жезден жасалған, диаметрі 32 мм. Медальдің беткі жағында І дәрежелі Даңқ орденінің бейнесі орналасқан. Орденнің орталық бөлігінде «СЛАВА» деген жазу бедерленген. Жұлдыздың төменгі сәулелерінің арасында «1945-2010» деген жазу бейнеленген. Медальдің жиегі шығыңқы ернеумен көмкерілген. Медаль бесбұрышты қалыпқа бекітілген. Қалып ені 24 мм муар лентамен қапталған. Лентаның екі шеті ені 5 мм қызыл түсті жолақтармен жиектелген. Қалыптың артқы жағында киімге тағуға арналған бекіткіші бар. Медальдің сыртқы бетінде «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» деген бедерлі жазу орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
2010ж.
Материал:
Металл
Техника:
Қалыптау
Өлшемі:
d-32мм,8,5х4,6 см.
Санат:
Металл