Сойыл
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сойыл - түркі халықтарында көне заманнан бері қолданылып келген соғыс қаруы. Қару ұзын сапты болып келеді, сабының ұзындығы кей жағдайда 2 метрге дейін жеткен. Жоғарғы (соққы беретін) бөлігі жұмырланып жасалған. Сойыл негізінен қатты әрі берік ағаш түрлерінен - ырғай, тобылғдан жасалған. Ырғай мен тобылғыдан жасалған сойылдың дайындамасы ағаштың түбірімен қоса қазып алынып, жоғарғы бөлігі өңделіп, жұмырланған. Қатты ағаштан жасалған бұл қару соққы беру мақсатында пайдаланылған.
Ісмері: Шоқпаров Даулет Даркембайұлы
Мерзімделу кезеңі:
2015 ж.
Материал:
Ағаш
Техника:
Жону
Өлшемі:
ұз-1.57см.
Санат:
Ағаш