Шапан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл шапан -дәстүрлі қазақ ерлерінің салтанатты сырт киімі. Шапан қалың қызыл түсті плюш матадан тігілген. Жағасы, жең ұшы мен етек тұсы сары түсті жіппен көмкеріліп, дәстүрлі «қошқар мүйіз» және «ирек» секілді өрнектермен әшекейленген. Иық бөлігінде сәндік мақсатта жылтыр ақ түсті жіптен шашақтар тігілген, бұл киімнің салтанатты сипатта екенін көрсетеді. Астары жібек матамен астарланған. Шапан кең пішілген, денені толық жабатын ұзын киім.
Мерзімделу кезеңі:
1983 г.
Материал:
Мата
Техника:
Кестелеу, Ойып тігу, Тігу
Өлшемі:
длина - 127 см, плечи - 50 см, рукав - 64 см.
Санат:
Киім және кесте