Торсық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл торсық көшпелі қазақ халқының теріден жасаған сұйықтық құятын ыдысы. Негізінен қымыз, шұбат сияқты сусындарды сақтау және көлікпен алыс жолға шыққанда алып жүру үшін қолданылған. Жәдігер малдың терісінен иленіп, пішінделген. Жоғарғы жағы ұзынша құмыра тәрізді мойынмен аяқталып, екі жағы қанат тәрізді кеңейіп жасалған. Мойын тұсында екі металл шығыршық бекітілген, оған қайыс бау өткізілген -бұл торсықты атқа немесе арбаға ілуге мүмкіндік береді. Торсықтың бетіне ою-өрнек түсірілген, бұл қазақ халқының дәстүрлі көркемдік танымын көрсетеді.
Мерзімделу кезеңі:
XIX в.
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Аралас техника
Өлшемі:
H-24,5 см.D «гор»- 3,4 см.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар