Шоқпар
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл шоқпар тұтас ағаш түбірінен жасалған. Бас жағы түйінді, ауыр әрі домалақ болып келеді, соққы күші мол. Сабы жіңішке, қолға ұстауға ыңғайлы етіп өңделген. Ұстауға ыңғайлы болу үшін төменгі бөлігіне былғары таспа байланған. Қарапайым, бірақ берік жасалған қару үлгісі.
Шоқпар жаугершілік заманда қорғаныс және шабуыл құралы ретінде қолданылған. Оның ауыр басы қарсыласты аттан түсіруге, жауды соққыға жығуға ыңғайлы болған. Сонымен қатар, тұрмыста мал бағуда, жыртқыш аңнан қорғануда да пайдаланылған. Басы жұмыр болып келеді. Сабы былғарымен қапталған, шашағы, ілмегі бар.
Мерзімделу кезеңі:
2013 г.
Материал:
Ағаш
Техника:
Тесу, оймалау
Өлшемі:
длина - 75 см.
Санат:
Ағаш