Ертұрман
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ халқының дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі - ертұрман. Салт атқа мінуге арналған әбзел-жабдықтар жиынтығы. Ол атқа міну үшін ыңғайлы әрі сәнді етіп жасалған. Бұл үлгінің тоқымы былғарыдан жасалып, ұлттық өрнектермен әшекейленген. Астарында жұмсақтық үшін киіз төселген. Артқы қасы жалпақтау, алдыңғы қасы шошақ пішінде келеді. Алдыңғы қасына сәндік мақсатта қызыл тастар орнатылған. Сондай-ақ, екі аяқ салатын үзеңгісі бар.
Мерзімделу кезеңі:
2013 г.
Материал:
Ағаш, Былғары, Металл
Техника:
Аралас техника
Өлшемі:
длина - 51 см; передняя часть - 16 см; задняя часть - 13 см
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар