Домбыра және домбыра қабы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл домбыра - қазақтың ұлттық музыкалық аспабы және жазушы-драматург, ақын Сара Тастанбекқызының өмірін зерттеуші Тәңірберген Қалилахановқа тиесілі жеке зат ретінде сақталған. Аспап қарағай ағашынан жасалған. Басқы бөлігінде құлақ күйін келтіретін екі тетігі бар, мойын бөлігінде жилкадан тартылған пернелері орналасқан. Шанағы дөңестеліп жасалған, беткі жағы сары және қоңыр түсті лакпен сырланған. Ішектері жилкадан жасалған.
Домбыра қабы - аспапты сақтап, тасымалдауға арналған арнайы қапшық. Жалпы формасы ағаштан жасалған, сырты теріні алмастырғыш (кожзаменитель) материалмен қапталған. Тұтқасы пластмассадан, тұтқа бекітпесі темірден жасалған. Мойын бөлігі мен шанақ бөлігінің бүйірінде темір құлыпшалары орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
1990 г.
Материал:
Ағаш
Техника:
Аралас техника
Өлшемі:
общая длина - 97 см, длина грифа - 57 см, длина корпуса - 40 см, ширина - 26 см
Санат:
Ағаш