Тиын
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құны бір тиын болатын Ресей патшалығы кезеңіндегі ақша бірлігі. Мыстан жасалған. Беткі жағында тиынның ортасында шеңбер ішінде «1 копейка», «СПБ», «медная российская монета» деген жазулар орналасқан. Жоғарғы бөлігінде «1899 года» деген жазу бар. Төменгі бөлігі шетін айналдыра өсімдік тектес өрнекпен безендірілген. Екінші жағында Ресей патшалығының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаны сыртынан шеңбер қоршап тұр. Шеңбердің жоғарғы бөлігінде «Медная российская монета», төменгі бөлігінде «одна копейка» деген жазулар жазылған. Монета Ресей империясының ақша айналымында қолданылған.
Мерзімделу кезеңі:
1899 г.
Материал:
Мыс
Өлшемі:
D - 2,1 см.