«1941-1945 жж. ҰОС Жеңіске 50 жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына арналған мерейтойлық медаль. Медаль бесбұрышты қызыл қалыпқа бекітілген және қара-сары жолақты Георгий лентасымен қапталған. Дөңгелек медальдің алдыңғы бетінде Мәскеу Кремлінің Спас мұнарасы, Әулие Василий Блаженный соборы және мерекелік отшашу бейнеленген. Төменгі бөлігінде «1945-1995» жылдары, лавр бұтақтары мен Жеңіс орденінің бейнесі орналасқан. Медаль Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығын мәңгі есте қалдыру, ардагерлердің ерлігі мен жанқиярлығын құрметтеу мақсатында шығарылған мемлекеттік мерейтойлық награда болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
1995
Материал:
Металл
Техника:
Басқа, Зауыттық өнім
Өлшемі:
Диаметр - 4 см
Санат:
Нумизматика