«В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін» медалі, Попрас А.Т. Медаль шеңбер пішінінде. Медальдың алдыңғы жағында В.И. Лениннің солға қараған профильдік рельефтік бейнесі орналасқан. Профильдің астында жарты шеңберде «1870-1970» цифрлары бар. Медальдың артқы жағында жоғарғы бөлігінде рельефтік жазу: «Ерен еңбегі үшін», ортасында орақ пен балта бейнесі, оның астында төрт жолдық жазу: «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай», жазудың астында бес бұрышты жұлдыз бейнесі бар. Медальдің шеті көтерілген жиекпен безендірілген. Медаль шеңберіндегі ушық және сақина арқылы төртбұрышты колодкаға бекітілген, колодка қызыл түсті жібек муар таспамен қапталған, шеттері мен ортасында сары түсті көлденең жолақтар бар. Медальдағы жазулар мен бейнелер рельефті. Колодканың артқы жағында түйреуішті бекіту бар.