«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
М.М. Березинаның «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы» медалі. Медаль дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде Кремль қабырғасы, Спасск мұнарасы, Покров соборы және мерекелік от шашу бейнеленген. Төменгі жағында Отан соғысы орденінің бейнесі және «1945-1995» жылы, шетінде лавр бұтақтары орналасқан. Артқы бетінің ортасында: «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» деген жазу, төменгі жағында жартылай алқагүл бейнеленген. Медаль жиегі шығыңқы. Барлық жазулар мен бейнелер бедерлі. Медаль құлақша пен сақина арқылы қызыл жібек муар лентасымен қапталған бесбұрышты тағанға бекітілген. Таспаның сол жақ бөлігінде бес жолақ орналасқан: үшеуі қара, екеуі қызғылт сары. Бір жақ шеті қара және қызғылт сары жолақтармен көмкерілген. Тағанның артқы жағында түйреуіш тәрізді бекіткіші бар.