Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Куәлік №00076 төсбелгісімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Куәлік 2015 жылы 1 желтоқсанда Кеңес Одағының батыры «Мұсабек Сеңгірбаевтың туғанына - 100 жыл» толуына орай Қазақстан Республикасы Алматы облыстық соғыс және әскери қызмет Ардагерлер қауымдастығы атынан берілген. Бұл «Ер есімін -ел есінде мәңгі сақтауға қосқан үлесі үшін» мерекелік төсбелгісімен марапатталғандығын дәлелдейтін құжат. Куәліктің сырты көк түсті, бүктелмелі кітап тәріздес қос беттен тұрады.
Төсбелгі металдан жасалған, сары түсті, дөңгелек тәрізді, алдыңғы жағында батыр М.Сеңгірбаевтың мүсіні бейнеленген және «Кеңес одағының батыры М.Сеңгірбаев - 100 жыл» деген жазуы бар. Төсбелгінің жоғарғы жақ бөлігі көк түсті, үстіңгі артқы жақ бөлігінде кеудеге түйреуге арналған ілмегі бар.
Мерзімделуі: 2015 ж.
Техникасы: зауыттық өнім
Өлшемі: куәлік ені - 6,5 см, тігінен - 9,5 см; Төсбелгі ені - 3 см, тігінен ұз - 6 см

Санат: Металл
Материал: Қағаз, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top