Қыш шырақ (майшам)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Саз балшықтан жасылып, пеште күйдірілген. Пішіні сопақша, біртұтас құйылған резервуардан және созылыңқы ашық шүмектен (пілте қоятын тұмсықшадан) тұрады.
Резервуар бөлігіне мал майы, мұнай немесе өсімдік майы құйылған, ал ұзартылған науаша тәрізді тұмсықшасына пілте (мақта/матадан жасалған билте) орналастырылған. Түбі тегістелген. Қыш шырақ (чираг) - ортағасырлық қалалар мен мекендердің күнделікті тұрмыс-салтында, тұрғын үйлерді, мешіттер мен шеберханаларды жарықтандыруда кеңінен қолданылған негізгі бұйымдардың бірі. Бұл экспонат сол дәуірдегі тұрмыстық мәдениетті, қышшылық өнерді және қолөнердің даму деңгейін сипаттайтын маңызды археологиялық жәдігер болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
ХІІ ғ.
Материал:
Глина
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
15 см.
Санат:
Археология