Мүшелік билет
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жазушы Шәкен Күмісбайұлының Қазақстан Жазушылар одағының мүшелік билеті (№0333). Билет 2007 жылғы 22 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің қолымен куәландырылып берілген.
Билет қатты түпті, қою көк түсті жасанды былғарыдан жасалған екі бетті кітапша түрінде орындалған. Ішкі беттері көгілдір түсті гильош өрнекті арнайы қағазбен қапталған. Сол жақ бетінде ұйымның атауы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), билеттің реттік нөмірі, иесінің аты-жөні («Күмісбайұлы Шәкен Телібайтегі»), төрағаның қолы мен берілген мерзімі жазылған.Оң жақ бетінде Ш. Күмісбаевтың түрлі-түсті фотосуреті (3х4 см) орналасып, үстіне ұйымның көк түсті дөңгелек мөрі басылған. Сондай-ақ одаққа мүшелікке кірген уақыты («1983 жыл») мен әдеби псевдонимі («Шоқпар») қолмен толтырылған.