Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Куәлік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Балқаш ауданының Құрметті азаматы» куәлігі.
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Құжат 2020 жылы Балқаш аудандық мәслихатының 72-сессияның №193 шешімі негізінде Әли Ысқабайға «Балқаш ауданының Құрметті азаматы» атағы берілгенін растайды.
Куәлік екі беттік, бүктелмелі кітапша түрінде жасалған. Сырты қою көк түсті қатырма қағазбен қапталған. Ішкі бетінің оң жағында Ә. Ысқабайдың 3 × 4 см көлеміндегі фотосуреті, сол жағында Балқаш ауданының логотипі орналасқан. Мұқабаның ішкі жағында «Куәлік» деген жазу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі бедерленген.

Мерзімделу кезеңі: 2020 г.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top