Үшбұрышты майдан хаттары
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Соғыс жылдарындағы майдан поштасына тән «үшбұрыш» пішінінде бүктелген түпнұсқа хаттар. Хаттардың сыртқы бетінде қолжазба мекенжайлар, далалық пошта мөрлері мен әскери цензура белгілері анық сақталған. Сондай-ақ «Просмотрено военной цензурой» («Әскери цензурадан өтті») деген штамп және Алматы мен Ақсу пошта бөлімшелерінің қабылданған күнін көрсететін дөңгелек мөрлері бар.
Хат жауынгер Ақай Нұғалымовтың Ақсу ауылы, Базарная көшесі, №7 үйде тұратын туыстарына жолданған.
Бұл жәдігер - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тыл арасындағы байланысты айғақтайтын құнды жазбаша дереккөз. Майдан даласынан туған жері мен жақындарына жолданған бұл хаттар жауынгердің елге, туған жерге деген сағынышы мен сүйіспеншілігін, соғыс жылдарындағы ел өмірінің тыныс-тіршілігін танытатын тарихи құнды экспонат болып табылады.