Тоқылған ши
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Әртүрлі түсті жіптерден тоқылған дәстүрлі қазақтың өрнекті шиі. Бұйымның негізін табиғи ши сабақтары құрайды, олар түрлі түсті жіптермен оралып, бір-бірімен көлденеңінен біріктіріліп тоқылған. Беткі бөлігінде қызыл, көк, сары, күлгін, ақ және қара түстер үйлесімінен құралған геометриялық және өсімдік тектес өрнектер орналасқан. Композицияда ромб тәрізді ірі өрнектер қайталанып, олардың ішкі бөліктері ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Оюлар иірім, ирек және өсімдік тектес сәндік элементтер арқылы берілген. Өрнектер симметриялы орналасып, бұйымға айқын сәндік сипат береді. Ши тоқу барысында жіптерді түрлі түсті етіп орау және өрнекке сәйкес орналастыру тәсілі қолданылған.
Мерзімделу кезеңі:
1990 ж.
Материал:
Жіп, Мата
Техника:
Өру
Өлшемі:
500х150 см.