Каф-Марьям өсімдігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Каф-Марьям өсімдігі - ғалым, педагогика және психология ғылымдарының профессоры, Нью-Йорк академиясының толық мүшесі, философия ғылымдарының құрметті докторы Оразбекова Күләш Айтмолдақызының Сауд Арабиясы, Мекке қаласына қажылық сапары кезінде алып келген қасиетті өсімдік.
Экспонат кептірілген өсімдік түрінде сақталған. Өсімдік сабақтары мен тамырлары бір-біріне тығыз оралып, шар тәрізді жинақы пішін қалыптастырған. Негізгі бөлігі қоңыр-сұр түсті, құрылымы құрғақ әрі қатқыл. Өсімдіктің кейбір ұзын, жіңішке сабақтары негізгі бөліктен сыртқа қарай таралып орналасқан. Кептірілген күйіне байланысты жапырақтары айқын байқалмайды.
Каф-Марьям - шөлге төзімді, ерекше қасиетімен танылған өсімдік. Құрғаған кезде толықтай жиырылып, шар тәрізді пішінге еніп, ұзақ уақыт бойы тыныш күйде сақтала алады. Ылғал түскен сәтте қайтадан жайылып, тіршілігін жалғастырады.