Түскиіз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ халқының дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер бұйымы. Қабырғаға ілінетін кестелі тұскиіз киіз үйдің төріне ілініп, сәндік қызметімен қатар, қорғаныштық (тұмарлық) мәнге де ие болған. Халықтық наным-сенім бойынша оның жанына түлкі немесе қасқырдың иленген терісі, сондай-ақ қамшы ілініп, олар үйді тіл-көзден және жамандықтан қорғайды деп есептелген.
Тұскиіз киізден дайындалып, беті түрлі түсті гүлдер мен жапырақтар бейнеленген кестелі өрнектермен безендірілген. Орталық композициясы төрт жағынан кең тікбұрышты ою-өрнекті жиектермен көмкерілген.
Мерзімделу кезеңі:
2000-е гг.
Материал:
Жүн, Мата
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
220х300 см
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары