Түскиіз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ халқының киіз үйінің керегесінің ішкі жағына ілуге арналған тұрмыстық заттарының бірі. Өңбеті жүн жіппен тұтастай бізкестелеп көркем тігу тәсілімен өрнектелген. Табағы (ортасы) екі қатармен орналасқан он шеңберлі түрлі-түсті өрнектер кестеленген. Кенересі (үш жағы) қызыл түсті мақта матамен жұрындалған. Астыңғы жағы жиектелмей, ашық күйінде қалдырылған.
Мерзімделуі: ХХ ғасырдың 70-ші жж.
Техникасы: бізкестелеу, тігу.
Өлшемі: : 220х300 см
Материал:
Жүн
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары