Келі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Келі - дәнді дақылдарды ұнтақтау және түю үшін пайдаланылған дәстүрлі қазақ тұрмыстық бұйымы. Қатты ағаштың тұтас кесіндісінен ойып жасалған. Пішіні цилиндр тәрізді, түбі кең, аузы ашық, ортаңғы бөлігі сәл жуандау. Төменгі бөлігінде бұйымның тік қалпын сақтап, шайқалуына жол бермейтін дөңгелек негіз-тұғыры бар. Сыртқы беті арнайы өңделмеген, ағаштың табиғи құрылымы сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Ағаш
Техника:
Жону
Өлшемі:
дм - 20 см, биіктігі -40 см
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар