Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Айша-бибі» кесенесінің кірпіші

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қараханидтер дәуірінде салынған «Айша бибі» кесенесінің түпнұсқа керамикалық өрнекті кірпіші. Ерекше өрнекпен қашалып күйдірілген саздан (терракота) жасалған. Оның бетінде күрделі кесте түріндегі ою-өрнек бар. Тоғысқан өрнектер көшпелілер өркениетіне тән шексіздікке негізделген. Мұндай өрнек «шексіз ою» немесе «мәңгілік » деп аталады. Өрнектердің тоғысқан жерінде саңлауы бар. Кірпіштің артқы жағы дөңес, ал алдыңғы беті тегіс ,ойылған.

Мерзімделу кезеңі: Х-ХІІ ғғ.
Материал: Глина
Техника: Күйдіру, Пішіндеу
Өлшемі: 22,5 х 20 см
Санат: Археология
Scroll to Top