Қақпақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
П-тәрізді жалпақ тұтқасы бар, сопақша кесілген шар пішінді, қолдан жапсырылып жасалған қазанды жабатын қақпақ. Сыртқы беті ішке қарай ойыс. Тұтқасы жалпақ, екі жағында ойығы бар. Қақпақ шетінде қолдан жасалған, өрнегі бар, ол арнайы ойық ішінде орналасқан. Ішкі жағында, тұтқаның айналасында сегіз жапырақты гүл түріндегі өсімдік өрнегі түсірілген. Қақпақтың ішінде қуыс тесігі және күйе іздері бар.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
диаметрі - 27 см, тұтқаның ені - 10,4 см, қабырғасының қалыңдығы 1,1 см, тұтқаның биіктігі - 3,5 см, тесік диаметрі - 1,2 см, жалпы биіктігі - 9,5 см.
Санат:
Археология