Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шырағдан

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Саңылауы кесілген конус пішінді, ұзын түзу білтесі және ілмек тәрізді тұтқасы бар. Саңылаудың сыртқы бөлігі ұзын ойық сызықтардан тұратын ойып жасалған өрнекпен безендірілген, бір жағында олар шырағдан түбіне орналасқан, ал екінші жағында түбіне бұрыш жасап жүргізілген. Заттың тұтқасы мен білтесі өңделген. Шырағдан ақ глазур астындағы ақ ангобтың үстіне жасылмен сырланған. Тұғыры жүрек пішінді, өсімдік рельефті өрнегі - жүзім өрнекті бейне, жапсырып шығарылған таңбамен жасалған. Саңылаудың түбінде спираль тәрізді бедер бар.

Мерзімделу кезеңі: Х-ХІІ вв.
Материал: Керамика
Техника: Жылтырату
Өлшемі: заттың ұзындығы (реставрациямен) - 14,4 см, мойынның диаметрі - 2,6 см; резервуардың диаметрі - 3,3 см, түбінің диаметрі - 4,3 см, негіздің биіктігі - 5,2 см, негіздің өлшемі - 3 х 4 см.
Санат: Археология
Scroll to Top