Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қола айна

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Дөңгелек пішінді, қоладан құйылып жасалған, бедерлі өрнектермен әсем безендірілген айна. Алдыңғы бетінің ортасында жартылай шар тәрізді дөңес орналасқан. Беті қос концентрлі жиек арқылы екі сәндік бөлікке бөлінген. Сыртқы жалпақ белдеуі шеңбер бойымен орналасқан үш балық бейнесінен тұратын бедерлі өрнекпен нақышталған. Айнаның бейне көрсетуге арналған екінші беті мұқият жылтыратылған, тегіс әрі жалтыр. Жиектері өрнектелген бетіне қарай біртіндеп қиғашталып өңделген. Жетісу облысы Ақсу ауданы, Егінсу ауылы. Кездейсоқ олжа. 2013 ж.

Мерзімделу кезеңі: Х-ХІІ вв.
Материал: Қола
Техника: Құю, Соғу
Өлшемі: диаметр - 8,5 см, толщина - 0,7 см
Санат: Археология
Scroll to Top