Танкист комбинезоны
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ауған соғысының ардагері Ербосын Көншібаевқа тиесілі танкист комбинезоны. Ауған соғысы кезеңінде қолданылған, қалың әрі жоғары температураға төзімді матадан тігілген әскери киім. Тығыз кенеп материалынан жасалған, көптеген қалталары мен металл сыдырмалары бар. Ішкі жағы астарланған, пішімі экипаж қозғалысына ыңғайланған. Қою жасыл (хаки) түсті кеудешесінің оң жақ кеуде бөлігінде танк бейнесі орналасқан, төменгі бөлігі қара-жасыл түсті.
Мерзімделу кезеңі:
1987 ж.
Материал:
Кенеп
Техника:
Тігу
Өлшемі:
48 рр.
Санат:
Киім және кесте