Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түкті кілем. Көліне үш шатыргүл өрнегі терілген, бір суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл-күрең кілем. Шатыргүл өрнегінің ішіне төртқұлақ, тышқанізі, шаршы өрнектері салынған. Сыртына айнала ақ, қара түсті алақұрт және үш қатар қара, көк түсті сынықмүйіз
өрнегімен үшкілдене жиектелген. Жиегіндегі қорғанына көп түсті тұлғамүйізді тұмарша өрнегі айнала тізбектелген. Кілемнің шетіне ақ түсті тіс өрнегінен су жүргізілген. Кенересі айнала қара түсті жүн жіптен түкті етіп тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысы.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
200х250 см.