Тоға
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құрамалы белдік тоғасы. Томпақ, бадам пішінді. Тоғаның үстіңгі беті үш қатарға дәнекерленген арқарлар мүсіншелерімен әсемделген. Жоғарғы, бірінші қатарда 8, екіншіде 4, үшіншіде 5 арқардың мүсіншесі бар. Бірінші және екінші қатарлардың арасында 2 арқардың басы, ұяшық, тұяқты сирақ дәнекерленген бұлар шауып бара жатқан аңдар қатарының шексіздігін көрсететін сияқты. Арқарлардың аяқтары бүгілген, денесінде жарқырауық тастар қондырылатын үтір тәрізді ойық-ұяшықтар бар. Пішіндердің арасы жиі түйіршіктермен толтырылған. Тоғаның астыңғы бөлігіне түйіршіктермен көмкерілген белбеу өткізілетін ұяшықты тік төрт тілік дәнекерленген. Бұларға тікбұрышты жұқа көлденең тілік дәнекерленген. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.