Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Фотожинақ, «Большевик» кеңшарының қызметкерлері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Фотожинақ, Шымкент облысындағы Киров ауданының Еңбек Қызыл Ту орденді «Большевик» кеңшарының қызметкерлерінің фотосуреттері. Қызыл түсті қатты мұқабамен қапталған. Мұқабаның жоғарғы бөлігінде алтын түспен В.И. Лениннің бейнесі салынған. Орталық бөлігінде орыс тілінде: «Ордена Трудового Красного Знамени совхоз „Большевик“ Кировского района Чимкентской области Казахской ССР. 1989 год» деген жазу орналасқан. Мұқабаның сол жақ шетінде ұлттық өрнек стиліндегі алтын түсті сәндік жолақ бейнеленген. Суреттер ақ-қара түсті, бес беттен тұрады.
Мерзімі: 1989 ж.
Материалы: фотоқағаз.
Техникасы: фотобаспа.
Өлшемі: 40,5 х 31 см.

Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер), Фотосуреттер
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Тақырып: Жазбаша дереккөздер мен ақпарат

Сақталу жағдайы

қағазы сарғайған

Scroll to Top