№ 4189 төсбелгі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Төсбелгі металл негізде жасалып, түрлі түсті эмальмен безендірілген. Жоғарғы бөлігінде қызыл түсті фигуралы таспа орналасып, оның бетіне «ОТЛИЧНИК СОЦИАЛИСТИЧЕСКОГО СОРЕВНОВАНИЯ» деген бедерлі жазу түсірілген. Орталық бөлігінде көгілдір эмаль аясында «СССР» аббревиатурасы бар карта, геологиялық бұрғылау мұнарасы және геолог балғалары бейнеленген. Ақ түсті жиекте «МИНИСТЕРСТВО ГЕОЛОГИИ И ОХРАНЫ НЕДР» деген жазу орналасқан. Экспонат Р. Мамаевқа тиесілі.
Мерзімі: 1970-1980 жылдар
Материалы: Металл, түрлі түсті эмаль
Техникасы: Зауыттық өндіріс
Өлшемі: 2,5 × 3,1 см
Материал:
Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
2,5 × 3,1 см
Санат:
Нумизматика